Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  98


Автор: Қайырды Назырбаев

ЖАУҚАЗЫН ГҮЛ ЕД...

(Қарындасым Тотықұсқа)
Жауқазын гүл ед жаңа шыққан қауыздан,
Қатерлі дертпен қалайша теп-тез ауырған.
Ал енді бүгін амалсыз қидық қабірге,
Не бар еді ыстық бір туып өскен бауырдан.
Арманда қалып көзімнің жасы ағылды,
Жүрегім менің уайымнан перде жабылды.
«Ағалап» жүрер қарындас енді менде жоқ,
Сүйеніш болып кім ұғар менің жанымды.
Жүрекпен сезіп келерімді күн бұрын,
Талығып кетсем атымның ұстар шылбырын.
Балауса гүлдей жаңа өсіп жеткен шағында,
Қайда алып кетті сұм ажал деген құрғырың.
Қарындас едің, аяулым едің ең кенже,
Еркелей күліп тұратын едің келгенде.
Көзіме жас ап, қарайлай берем тау жаққа,
Өзіңмен жасты көршінің қызын көргенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу