Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  85


Автор: Серік Тұрғынбеков

КӨНЕ ҚАЛА КЕЛБЕТІ

Қабырғалар, қабырғалар құлаған
Енді қайта қаланбас.
Қалды астында қыруар сүйек, мың адам,
Ешкім қайта таба алмас.
Жауларына берілмеген ер жүрек,
Өлім бар деп ойламаған жалғанда.
Атқан оқтар зулағанда соңғы рет,
Шапқан аттар сол қалпында қалған ба?
Қабырғалар, қабырғалар, дәл сондай,
Ұқсатады көрген адам көзімен.
Сол ортада Аманкелді алшаңдай
Басып келе жатқандайын сезінем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу