Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  103


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Кей-кейде

Кей-кейде
Адасып жолымнан,
Табысам өзге бір сүрлеумен.
Ондайда шошимын жанымнан,
Қаңырап қалғандай құр кеудем.
Кей-кейде
Адамдар ішінен
Іздеймін бейнені қимаған.
Белгісіз сол бейне сыйлайды,
Ғажайып күй маған.
Кей-кейде
Жанарым бұлдырап,
Мың сан ой қажайды санамды.
Тәтті ойлар бейнебір кіл құрақ,
Жолымдай тарам-тарам-ды...
Кей-кейде
Өзімнен жабығып,
Көремін өзімді сор маңдай.
Бәрін де отырам сағынып,
Жапанда жалғыз қалғандай.
Кей-кейде
Бұлқынып шабыттан,
Боламын әлемді жырламақ.
Тасыр ой...
Сескенем тамұқтан,
Тұрғандай ажал сығалап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу