Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  97


Автор: Мерғали Ыбыраев

Қос орындық

Ол рас: көрісуді сағынамыз,
Кездестік кездейсоқта тағы да біз.
Білетін біз туралы елдің көбі,
Қаңқулы жарымы рас, жарымы аңыз.
Содан ба, іліндік жұрт назарына,
Бар болар мүсіркеуі, мазағы да.
Ақ елік, ақ елік-ау, әттеген-ай,
Секілді ақ асжаулық таза мына.
- Ялтадан әкепсің бе базарлық көп,
Кеш болды-ау, бұл бір есте қаларлық леп.
Жаңына жайғасып ем,- аманба – деп,
Арырақ сырғып кеттің "Амандық" деп.
Жылжыдың үш орындық төрге қарай,
"Бер отыр" деген ым мен жөнге балай.
Мен дағы жылжып бердім екі орындық,
Демей-ақ: отырысты өңге қалай.
Көрмедім жүзіңдегі әжіміңді,
Көріндің әрі әсем, әрі мұңды.
Сымбатты сол тұлғаңнан елестеттім,
Сонау бір қыз кәдегі қалыбыңды.
Жиырма жыл өтпегендей арадағы,
Қан шапшып, жүрек ыршып соға ма әлі?!
Сол қыста..., сені күтіп жаурағаннан,
Құрыстап, жауырыным тоңады әлі.
... Бас шайқап, келем әлі өкінумен,
Бу шығып "шолк" – шолақкекіліңнен.
Сеншықтың биік өкше жұқа етікпен,
Мен шықтым студенттік төпілимен.
Албырт ек, бағынатын кезіміз кімге?!
Суықтан дірілдейді сөзіміз мүлде.
Аязды елемедік қырық градус,
Болған сон өзіміз жаз, өзіміз шілде.
Осылай сені күтіп көп тоңғаным,
Сен дағы сылтау айтып, ақталмадың.
- Тоңдың ба? – дегеніңе, әлі есімде,
- Күн онша суық емес – деп қалғаным.
Екеуміз егіз қаздай жарасып ек,
Бірге өскен бір ауылдың баласы ек.
Есімде басыңдағы түбік шәлі,
Есімде көкшіл пальтоң жағасы мех.
... Жүрекке алғаш түскен сызатым ең,
Буылдыр, бұлтты көзбен ұзатып ем.
Қанша жыл өтсе дағы көксе тартпай,
Махаббат қалады екен қыз атымен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу