Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  104


Автор: Мерғали Ыбыраев

Домбыра туралы

Сыр жатыр-ау, қанша мұнда...
Сайрап келген Аңызың да –
Құрманғазы саусағында,
Қорқыт баба қобызында!
Бебеулеген бір күн емес,
Бұрыннан да екі шегің...
Елден жас боу мүмкін емес,
Кәрі болса..., келісемін!
...Не мықтыға көнбеген Ер,
Күйге құлай беріпті ғой.
Тілділерге сенбеген ел,
Күйге тілсіз сеніпті ғой!
Теңеспеген замандар бой...,
Күй тек елді билемеген.
Домбыралар талай даңғой,
Ғасырларды сүйрелеген!
Жолықтырып шын дарынмен,
Сенбесеңіз қылжақ көрші;
Қатар қойып “джазыңмен”,
“Қу тақтайды” – тыңдап көрші!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу