Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  175


Автор: Мерғали Ыбыраев

Өзгеріс

Өзгерген өзім бе, әлде өзгелер ме?
Білмедім жорырымды өзге неге.
Бүлкілдемей, шіркін-ай, күңкілдемей,
Айтпаймыз ақиқатын көзге неге?!
Өзгерген өзім бе, әлде өзгелер ме,
Білмедім жорырымды өзге неге.
Беделінен қаймығып бәз біреудің,
Береміз ерік қызыл сөзге неге?
Өзгерген өзім бе, әлде, өзгелер ме,
Білмедім жорырымды өзге неге.
Қосамыз саф алтынды жезге неге,
Атылас астар болған бөзге неге?
Өзгерген өзім бе, әлде, өзгелер ме,
Білмедім жорырымды өзге неге.
Көрмеген соң көретін – көз немене,
Айтпаған соң адалын – сөз немене,
Деймін іштей қынжылып,
Іштей ғана,
Өзгерген өзім бе, әлде, өзгелер ме?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу