08.06.2022
  88


Автор: Қайырды Назырбаев

МЕНІ ҰМЫТЫП КЕТКЕН БОЛАР

Еңбек ауылында жасы жүзге таяп қалған ең соңғы соғыс ардагері Мұхамадий Абалақов деген ақсақал болды. Өмір бойы ұжымшарда, кеңшарда еңбек етіп зейнет демалысына шыққан. Еңбекқор, біртоға, көп сөйлемейтін адам болатын. Жамбас сүйегінде соғыстан қалған «осколькасы» бар еді. Сол кісі жасы жетіп, қартайып, төсек тартып ауырып қалғанда да ақыл-есінен жаңылмай, сөйлеп жатыпты.


Бірде ауруы жанына батып жатқан Мұхамадий ақсақал көңілін сұрай келген ауылдастарының біріне:


Асарымды асадым, жасарымды жасадым, көрешегімді көрдім. Тіпті герман соғысынан да аман келдім. Аллаға не жаздым осы, бүйтіп қинап қойғанша жанымды алмай ма? Әй, солар мені ұмытып кеткен болар, – деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу