Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  99


Автор: Асқарбек Бектемісов

Сағындым көктемімді

Жыр жазамын ешкімнен сыр жасырмай,
Қиялымды қияға бірге асырмай.
Соңғы кезде бұлқынған бұла сезім,
Кеудемде аласұрып жүр басылмай.
Күн кешемін көңіл бұлты тарқағандай,
Бұлт тарқаса қайтесің арқаланбай?!
Күтіп жүрмін сағынып көктемімді,
Жұтайын деп жұпарын аңқа қанбай.
Тарқар еді сол кезде қайғым менің,
Бассам егер жайқалған майдың көгін.
Көптен бері көрмеген таныстардың,
Көзбен көрсем көңілінің айдын көлін.
Көктем келіп қақса егер есігімді,
Ұмыт болар өткенім, көшім мұңды.
Бақытыма жетем деп талпынбасаң,
Үмітіңнің үкілеген несі құнды?!
Болғандықтан көңілім, тұман сағым,
Көктемімді сағындым, шын аңсадым.
Алақұйын көңілім аласұрып,
Қыр төсіне шығуға құмартамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу