Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  497


Автор: Асқарбек Бектемісов

Қалай екен ауа райы алпыс деген ауылдың?!

Сезбей де қалдым алпысқа қалай келгенімді,
Жасаған Ием, көпсіне көрме бергеніңді.
Көп тілегі – көл деген бабаларым,
Жұртым көрсін соңынан ергенімді.
Жасағысы келеді кейбіреу жүзге дейін,
He дейін оларға – үмітіңді үзбе дейін.
Қол-аяқтан әл кетіп жатып қалсаң.
Жүргендерге көзіңді сүзбе кейін.
Кейбіреудің ойын мен төмен көрдім,
Кәріліктің келмейді көгеніне көгенделгім.
Қосылдым мен де келіп қатарына,
“Алпысым тал түсім” дегендердің.
Кім қалайды төмендігін шыққан тауының?!
Биіктесең көресің тағдырыңның дауылын.
Айтыңдаршы алпысқа бұрын толғандар,
Қалай екен ауа райы алпыс деген ауылдың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу