Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  342


Автор: Асқарбек Бектемісов

Армысың, алпысыншы ақпаным

Мұқағали, Ізтай туған ақпаныңда,
Мен де кеппін өмірге оның ақ таңында.
Жырларын ақиық ақындардың жеткізіпті,
Ақ бораны гуілдеп жаялықта жатқанымда.
Бұл ақындар қара өлеңнің – Хантәңірі,
Бойларында тулаған асау қан тамыры.
Жаттап келем отты – алау өлеңдерін,
Жасық емес, бойында бар жалыны.
Ұғынғасын бір адамдай жыр бағасың
Оқып жырын ақындардың нұрланасың.
Қайсар жырдың қайрағы қайрай түсіп,
Жүр – дейтіндей – сыбағаңнан құр қаласың.
Келемін дамылсыз ізденумен, талпынумең,
Арасында сүрініп, кейде алқынумен.
Орта жолда көп болса бел кетер – деп,
Нардың жүгін артынып, тартынумен.
Отырғанша қайғы қысып, мұңға елеңдеп,
Мертіккенім жүз артық жырға ерем деп.
Жырым мені өлтірмейді соған сенем,
Сүйінші де сұрармын – мен келем деп!
Ағынды келед ақындар туған ақпанда,
Шабыттанса сыймайтын кең шатқалға.
Шаттанамын жас балаша мәз болып,
Ұясынан жырым қанат қаққанға.
Тыным тауып, үйімде жәй жатпадым,
Асыға күтіп ақпанымның ақ таңын.
Сағынып сен де бүгін жеттің бе?
Армысың, алпысыншы менің ақпаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу