Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  85


Автор: Асқарбек Бектемісов

Қадірлі Болат Аяғанұлы

Алпыс жасты алқымынан алқымдап,
Баяғыдай отырсыз ортамызда жарқылдап.
“Бөкең біздің 60 жасқа толды” – деп,
Келдік біздер тойыңызға аңқылдап.
Таяқ жедік біздер ерте тағдырдан,
Сондадағы күн кешпедік қаңғырған.
Қосағымыз Құдай қосқан адал боп,
Асып жүрміз сау адамдай әр қырдан.
Үміттерді үкілеумен келеміз,
Бір күндері көрінер деп төбеміз.
Көп нәрсені өзіңнен мен үйрендім,
Өзіңді біз қолбасшыдай көреміз.
Өрелілер қымбат әр кез білгенге,
Білмейміз ғой оларды жүрген кезде іргеңде.
Өзіңменен мақтанады барлық дос,
Мақтанамыз Сізбен бірге жүргенге!
Арқалықтай қала салдық Арқада,
Арқалықтың қасіреті батады әр кез арқама.
Қайда кетті күндіз-түні төккен маңдай тер?!
Сол қаланың өсуі үшін жайқала.
Тірлігіміз тірелгенде тұйыққа,
Жол көрсеттің, батырмадың ұйыққа.
Көш бастадың Астананы бетке алып,
Өткеніңнің бәрін жауып құлыпқа.
Құрылысшымыз жататын бейнеті бастан асып,
Еледік пе біз оны, құрылысқа болғасын жастан ғашық.
Астанада жүріпте қатардан қалған жоқпыз,
Ісіміздің болғаннан соң қашанда аспаны ашық.
Іздемедік басқа нәсіп, басқа кәсіп,
Іс қалдырдық артымызда тасқа басып.
Бұл күндері жұрты Астана мойындады,
Көрді де ісімізді істейтін беріліп, жанталасып.
Көңіл де құйқылжыған құс емес пе?!
Қамықса, құмар екен кісі елеске.
Өткен күннің елесі маза бермей,
Сені көрсем, Мақсатың түседі еске.
Бәріне себепші ғой Алла шебер,
Көп болсын оның нұры алға себер.
Түңіліп кетер ме едік, қайтер едік?!
Сіздің әділ сөзіңіз болмаса егер!
Құрулы қақпандардың бірін баспай,
Қас түгілі достарың бізге де сырыңды ашпай,
Келесің өзіңнің қалаған жолыңменен,
Иттермен де иттей болып ырылдаспай.
Шіркін-ай жастық қайда, сайран қайда?!
Өшіріп отыңды Өмір ойрандай ма?!
Жігіттер, назар салып қараңдаршы,
Бөкеңді Тәңір өзі қолбасшы ғып қойғандай ма?!
Лайымда жүріңіз көш басында,
Аман болып жеңгеміз де, дос қасыңда.
Алматың мен немерелер сүйемелдеп,
Беделің биіктесін дос-жаранның ортасында!
ІІІ-бөлім. Туған жердің Тұлғалары
Қабағыңа қарамайды бүгінгі қатаң заман,
Қарамайды салтыңа да келе жатқан атам заман.
Алпыс жас құтты болсын Бөке досым,
Жақындашы жаныма, иығыңа шапан жабам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу