Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  106


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жерді біздер ана дейміз...

Жерді біздер ана дейміз,
Өндік, рас, топырақтан,
Оған қайтып келеміз біз
Ұшып түскен жапырақтай.
Жер пенденің мекені ме,
Кие тұтып, құрметтейтін.
Ғаламға ойың жетеді ме
Түпсіз, шексіз, көз жетпейтін?!
Айтар болсақ дер шағында,
Не десек те жарасымды.
Кеңістіктің құрсағында
Жердің өзі бала-сынды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу