Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  79


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БҰЗЫП ЖҮР

Өзі күншіл,
Сөзі былшыл,
Жүзі жылтыр,
Ісі шыр-пыр,
Аузын керіп,
Созып ұртын,
Білетіндей
Қазақ ғұрпын,
Малға салып
Көздің құртын,
Қолын сілкіп,
Елден үркіп,
Бірін шұқып,
Бірін түртіп,
Жақсылардың
Көзін құртып,
Сасып кеткен
Майдай кілкіп,
Талай кесір,
Талай сылқым
Бұзып жүр ғой
Елдің шырқын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу