Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  84


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жасымда алмастай жарқылдаппын

Жасымда алмастай жарқылдаппын
(он буынды жыр)
Жасымда алмастай жарқылдаппын,
Шыбықтай жас өскін солқылдаппын.
Ал бүгін үңілсем қағазыма,
Бір жылда бір дəптер толтырмаппын.
Білмеймін, кеудемнен жыр кеткен бе?!
Айтатын əлі де сыр көп менде.
Жеңдерім таза ғой деп ойлаппын,
Жейдемнің жағасын кірлеткенде.
Жыр жазғым келсе де күнде менің,
Сыр сақтап, əдейі үндемедім.
Оқушым, көкейде жатқан сөзді,
Білгеннен жақсы еді білмегенің.
Табанды ауыртса қара тастақ,
Шығар ма ауыздан əзіл-оспақ.
Қиналған кезімді көпке жайып,
Жанымды алыппын жалаңаштап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу