Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  57


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Дүния, шіркін, шыр айналды

(сегіз буынды жыр)
Дүния, шіркін, шыр айналды,
Су кеткен соң лай қалды.
Ел тарады. Үй ішінде
Ығай менен сығай қалды.
Есті кетіп, ессіз қалды,
Көреген жоқ, көзсіз қалды.
Ұқсата алмай қолда барды,
Іш өртеніп, күйіп-жанды.
Жарық үйдің шамы сөнді,
Сырқат меңдеп, намыс өлді.
Танысақ та таныс жолды,
Шындық ауылы алыс болды.
Тосып тұрса алдан нөпір,
Жол бойында – жалған көпір.
Аман өтсең, ар жағында
«Бері кел!» – деп Малғұн отыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу