Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  56


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ӨМІР ҚАНДАЙ КҮРДЕЛІ!

Көздің жауын алады,
Тіршіліктің гүлдері.
Өмір қандай бағалы,
Өмір қандай күрделі!
Біреулерге аңсатқан,
Үлде менен бүлдені,
Біреуді оймен шаршатқан,
Өмір қандай күрделі!
Бəрі-бəрі есепте,
Жылағаны, күлгені,
Бар өтірік, өсек те,
Өмір қандай күрделі!
Делебемді қоздырған,
Думаны мен дүрмегі.
Кейде жүйке тоздырған,
Өмір қандай күрделі!
Қасірет пен қуаныш,
Ақын қылып жүр мені.
Кімдер жақын, кім алыс,
Өмір қандай күрделі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу