Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  92


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ШАМ

Мақтанады түнде жанып тұрған шам,
Жоқтан жақсы өлімсіреп тұрған шам.
Өткен күнін аңсайтыны ақиқат
Балауызы ағып, өшіп қалған шам.
Аз нəрсеге етесің ғой қанағат,
Бағың тайып, жалғыз қалып, қор болсаң.
«Бір шам емес, мың шамды жақ!» – дерің хақ,
Қолың жетіп, қол жетпейтін зор болсаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу