Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  103


Автор: Ақылбек Шаяхмет

КӨКПАР

Бұл өмірге кім келіп, кім кетпеген,
Сыбаға емес беретін құрмет деген.
Тəуекелге бел байлап, қиқу салып
Мен де шауып барамын дүрмекпенен.
Ілінгенін біреулер ала қашып,
Киіп-жарып біреу жүр жағаласып.
Бір сəт көкпар қолына тиген еді,
Айырылды қапыда қара басып.
Біреу құлап, жатса да жылап бірі,
Басылмайды адамның бір аптығы.
Ат астында қалды ма, шабандоздың
Ойбайлаған естілді құлаққа үні.
Шығып едім сайысқа атқа мініп,
Қойып өтті басымнан шоқпар-күдік.
Құлап жатып түсіндім.
Желік бітіп,
Жігіттер жүр тұлыпты көкпар қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу