Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  52


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЕГЕР НӨСЕР БОЛМАСА

Егер нөсер болмаса қайтер еді тіршілік,
Жер бетінде құлпырып өсер ме еді бір шыбық?
«Егер нөсер болмаса, артыңда із қалмаса,
Өмір сүру далбаса!» – дейді ақсақал күрсініп.
Егер нөсер болмаса, ішерге су табылмай,
Жасыл шалғын, сая бақ шаң-тозаңнан арылмай,
Таңдайыңнан дəм кетіп, буыныңнан əл кетіп,
Көкжиектен барлығы жоғалмай ма сағымдай.
Сол нөсердей төгілтіп, құйып-құйып алайын,
Қасқалдақтың қанындай тамырларға тарайын.
Артық айтсам кеш, елім,өлең – менің нөсерім,
Ал нөсерсіз қалайша күн көресің, ағайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу