Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жебем мықты десең де...

Жебем мықты десең де,
Нысанаға жетпесе,
Найзам мықты десең де,
Ол сауыттан өтпесе,
Қастан көрген қорлығың
Көкірегіңнен кетпесе,
Бармағыңды шайнайсың.
Толқып айтқан сөзіңді
Тыңдар құлақ болмаса,
Есер санап өзіңді,
Ақиқатқа нанбаса,
Бақырайтып көзіңді,
Бақталасты қолдаса,
Қара судай қайнайсың.
Ауға түскен балықтай
Тыпырлайсың, тулайсың,
Сұмырайдың сұмдығын
Көріп қана қоймайсың,
Тіршіліктің кірбіңін
Көп көрсең де тоймайсың,
Жасап жүрген тірлігім
Қажет пе деп ойлайсың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу