Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  70


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ПАЛАТАДА

Айтылған сөз ақыры расқа айналды,
Бүйрегімнің түбіне тас байланды.
Мезгіл де болып кетті созылмалы,
Уақыттың ұршығы босқа айналды.
Быламық суға піскен, аз май қосқан,
Жал-жаядан кем түспес асқа айналды.
Аузыма су тамызған медбикелер
Пəленбай жыл білетін досқа айналды.
Тек жақсылық ниетім көпке тілер,
Ойламасам болғаны бас пайдамды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу