Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  103


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ТЕК ӨЗІҢНІҢ ҰЛЫҢМЫН!

Шығыс ұлы едім мен,
Шығыс нұры болсам екен дедім мен.
Кіндік қаным, маңдай терім төгілген.
Қуат алдым жаны жомарт жерімнен.
Елдің қамын жедім мен.
Қуанғаннан ұмыттым,
Тағдырымның аязы мен ызғарын.
Жүрегімнің қызуымен жылыттым,
Солтүстіктің мұздарын.
Оңтүстіктің естіп талай сырлы əнін,
Бұлбұл даусын тыңдадым.
Батыстың да көріп талай ғажабын,
Есім кете жырладым,
Шарлап қайттым төрт бұрышын əлемнің,
Қанша жанның пейіліне бөлендім.
Туған жерім екендігін түсіндім,
Қайнар көзі өлеңнің.
Тас бұлақтай атқылаған жырымның,
Бастауы сол екендігін ұғындым.
Шығыс та емес,
Батыс да емес,
Отаным!
Тек өзіңнің ұлыңмын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу