Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  99


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТҮСІНІКСІЗ СӨЗ

– Интрига түртті мені, деп, түрлі
түскен әкім мұңын шаға кеп тұрды.
– Ол немене?– деп сұрады бір ақын,
Анау айтты:
– Мықтыларға құратын
тор мен тұзақ,
бола алады қақпан да –
сол құртты ғой бізді Құдай атқанда.
«Қаламгерден» қағып алған болатын:
– Сөздіктерден іздеп көрем!–
деді ақын,–
Интрига?..
Одан да әкел, құй, таста,
Көнбейтұғын сөз не керек ұйқасқа!
Бір жылдан соң қызмет ап әлгі адам,
Сәл ыңырсып сөзін былай жалғаған:
«Бір ақынның сәлемі ұнап, түсі ұнап
дәмдес боп ем – мазамды алды ішіп ап».
Ал, ақын ше? Жолығып ем жақында
«досым» деді ол дәмдес әкім хақында.
– Есіңде ме былтырғы сөз,– дедім мен,–
Іздемей-ақ қой сөздіктен, мақұл ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу