Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  77


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

АКСИОМА

– Ақихаттың өзі кейде қиялдай,
есек – есек,
тұлпар – тұлпар деп еді.
Бірақ қалай көк есегің ұялмай
тұлпарлармен тайталасып келеді?!
– Ақихат па?
Ақихатты жөн десек,
екіге екі қосқаныңмен болды есеп.
Есегіңде түк кінә жоқ,
тұлпарың
Көк есекпен тайталасса – ол да есек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу