Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  70


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Ойларым үзік...

Ойларым үзік,
тізгінін сүзіп күштейді,
Сайтаны буып,
Байталға мініп түспейді.
Шығандап шашау,
ұрт кетіп асау,
ауыздықты азу тістейді.
Қайратым кеміп,
сезімім семіп суалды,
Шаманың шарқы
арзандап нарқы қуарды.
Жырларым жұмбақ
сырларымды ұрлап,
Жіңішкертеді жуанды.
Өмірдің әні,
көңілдің сәні жоғалған,
Баяулап келіп,
аялдап көлік доғарғам...
Топырақ құмар
тоқырап тұрар тоқ арман.
Жайлауым сары
кеткендей мәні жұртынан,
Жылдарым– жемір,
күлмейді көңіл мұртынан.
Күндерім
озып,
түндерім тозып жыртылған.
Самарқау сәтім
ұйқыға жақын тұрады,
ұлықтап ұлан
құдыққа құлан құлады...
Шаттығым шала,
ақ нұрым қара,
Құдайдың түспей құраны,
Жүрегім жасын бұлады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу