Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  77


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Тырсылдап жауын шертедi...

Тырсылдап жауын шертедi,
Мазалап бөлмем әйнегiн.
Кешегi күнiм– ертегi,
Сәулешiм, бүгiн қайда едiң?!
Қыдырып көктем– қырымда,
Құлшына жұттым май лебiн.
Көлкiген көлдей сырымды
айтар ем,
Сәулем қайда едiң?!
Сағыныш түндер мазалап,
Өткiздiм күн мен ай легiн.
Көңiлдiң мұңын тазалап
алар ем,
сәулем, қайда едiң.
Мүлгiген тыныш бөлмеде
тесiлем ұзақ әйнекке.
«Келмейдi саған ол неге?» -
дегендей алтын Ай көкте...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу