Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  105


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Қара күз

Сарғаяды сағыныш сары күзгi,
сығып алған сыяқты нәрiмiздi.
Қара жолда қажыған қара жаяу,
таңы айрылған тiршiлiк
барың iзгi!..
Сар жапырақ үзiлiп сабағынан,
жасыл жаздың қызығын нала қылған.
Желаяқ жел желкенiн керiп тастап,
Қара құйын құйғытар қара қырдан.
Жалғыз үйрек көз жазған үйiрiнен
қара күзде кетiптi күйi мүлдем.
Қара суға қақ тұрған қонақтайды,
Алақандай айдынын құйын үрген.
Сүбесiне қол батпас күзiң майлы
болса – дағы көңiлiм қызынбайды...
Қараңғының қойынын тiнткiлеген
қара желдiң дауысы ызыңдайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу