Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  88


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

«Жарылқа?!» - дедiм...

«Жарылқа?!»- дедiм,
үн қатпадың,
Таскерең тақыр құлағың.
Пендеңдi бiлiп жын қаққанын,
Ғарыштан жерге құладың...
Келдiң де қайнаттың сорымды,
Жейдесiз жүрмiн жалаңаш.
Ой таппай көңiлге қонымды,
Жүрегiм– шала мас.
Жүректiң түгi жидiдi ,
Асқазанды тамаққа толтырып.
Ұмытып iзет, игiнi
Адастым,
Даңғыл жол тұрып.
Шайлықпады шайлаған жүрек,
Малмаға мұңы малшынды.
Тұрса да айналам жүдеп,
Жаным жұмыртқадай аршылды.
Бақыттың бұғағы салбырап,
Қарыны жарыла жаздады...
Қуарып...
Суалып тал, құрақ,
Басына киiлдi таз қабы,
Арман азбады...
Сезiм қалғыды,
Қиял кеткен соң қаңғып.
өмiр алжыды,
өткен соң мәңгiп.
«Жарылқа?!»- дедiм,
үн қатпадың...
Өзiңнен жеткенше жарлық,
Барады құрған қаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу