Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  77


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Қаладан қорқам...

Қаладан қорқам...
қорым елестеп,
Баладан қорқам...
мейірі қатқан.
Даладан қорқам...
сорым емес пе?!
Санадан қорқам...
пейілін сатқан...
Жүректен қорқам...
кеудені тепкен,
Күректен қорқам...
кəсіпсіз қалған.
Тілектен қорқам...
ашкөз боп кеткен,
Түнектен қорқам...
нəсіпсіз жалған...
Қолдардан қорқам...
жаға жыртқандай,
Жолдардан қорқам...
қиыс тартатын.
Тоңдардан қорқам...
алабұртқандай,
Қомдардан қорқам...
ұрпақ артатын...
Тек үміт қана...
сəулесін сепкен,
Сөкпеші, нала,
үркек боп кеткен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу