Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  103


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Арманымның арғымағы...

Арманымның арғымағы,
Ауыздықпен алысқан;
Қияметтен қарғыма да,
Жаңылма да шабыстан.
Қанатың да талған шығар,
Тұяғың да тоза ма?!
Бəлкім,
Ой да жалған шығар,
Сенен де сəт оза ма?!
Келешектің көкжиегі,
Шалына ма шалғайдан?
Заңдылығы бек жүйелі,
Сені-дағы алдай ма?!
Арғымағым,
Арындап қал,
Жүрісіңнен танба сен!
Самғап көкте сабылмасаң,
Уақытқа сенбес ең...
Түсінемін,
Шалдықтың-ақ,
Бірақ,
Бірақ...
Қалмау шарт.
Алда ұзақ жол,
Самға, пырақ,
Үміттерді жалғау шарт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу