Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  96


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Алты ай қысы Арқаның...

Алты ай қысы Арқаның,
Көрген бір түстей тарқады.
Ақтүтек арман...
Бар таңым,
Мұңға да үміт артамын.
Қиюы қашып,
Құлазып,
Көңілдің қошы жүр азып.
Тозады бордай төзімім,
Болайын қайтіп ыразы?!
Қаңтар ма,
Əлде, ақпан ба,
Жаным бір тыным тапқан ба?
Қандыауыз,
Қатал қақпанда,
Жүрегім жылап жатқандай...
Күн өтсін,
Өтсін түн, мейлі,
Тағдырың көзге ілмейді.
Тығырық кілті – тереңде,
Мəнісін ешкім білмейді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу