Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  104


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Үріккен Үркер-жұлдыздарым-ай...

Үріккен Үркер-жұлдыздарым-ай,
Құндыздарым-ай,
Сиреген.
Бəріне мойын бұрғызбадың-ай,
Мұзды ызғарым-ай,
Түйреген.
Үміттің жібін үзбеспін-дағы,
Сезімді қайтем күйреген?!
Сарыла атқан ақ таңдарым-ай,
Жапқандарың-ай,
Түнекті.
Көкірек көзін жаққандарың-ай,
Аққандарың-ай,
Түлеп бір.
Арманым қолға қонбағанымен,
Өлкеге өртең гүл ектім.
Өмір-өзен-ай,
Керме кезең-ай,
Сезем-ай, заман,
Зарыңды.
Өзімнен қашып, қайда безем-ай,
Жіберем қайда арымды?!
Азуын Айға біледі болмыс,
Естимін сазды сарынды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу