01.06.2022
  336


Автор: Дәулет Мұқаев

Киіз үй жасау бизнес жоспары

Жасырып не керек бұрындары киіз үйге сұраныс тек наурыз айында ғана артатын болған. Ал қазір тіпті керсінше. Жылдың он екі айында да киіз үйге сұраныс тоқтаған емес. Оның себебі мерекелік іс- шаралардан бастап беташар, құдалық сынды түрлі той-думандарда киіз үйді жалға алу ең тиімді болып саналады. Қалада көпқабатты үйлерде тұратын жандар үшін орын тапшылығы қатты байқалады. Осы ретте киіз үй жасаумен айналысатын адамдарды көптеп іздеп, кейде тіпті жалға алатын киіз үйлерді таппай қалатынымыз бар.


Жалпы киіз үй жасау бизнес ретінде:



  • Ерекше кәсіп түрі;

  • Бір ғана киіз үйді жасап біту бір немесе екі айға созылуы мүмкін.


 


Киіз үй жасаудағы қиыншылықтар да аз емес. Ол үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Ал дайын киіз үйдің ішін безендіру және түрлі қазақылық көрнекіліктермен толтыру көп уақытты талап етеді. Әрі көп қаражатты қажет етеді.


Дайын киіз үйді:



  1. Сату

  2. Жалға беру арқылы табыс таба аласыз.


Ата-бабамыздың қанынан келген бұл кәсіп түрімен айналысу екінің бірінің қолынан келе бермес. Әйткенмен тәуекел етіп, бұл шаруамен айналыссаңыз адал кәсібіңіздің несібесіне жетеріңіз хақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Умбетов Елтай
Умбетов Елтай 14.02.2023 12:44
киіз үй туралы бизнес жоспар жасайсызба қаншаға шығады

Пікір жазу