Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  117


Автор: Бекен Әбдіразақов

Есіңде ме, ұрланып жігіттерден...

Есіңде ме, ұрланып жігіттерден,
(Сырым еді отыз жүш бұгіп келген!)
Ақмоладан әкелген базарлықты
Түн жарымда қойныңа тығып бергем.
Қалтыраған қолымды қысқанында,
Жүрегіңді білмеймін ұстадым ба?
Төңкеріліп дүние шыр айналған,
Құладым ба, құдай-ау, ұшқаным ба?
Қиялымның желбіреп құндыз жалы,
Сарыарқаның самала жұлдыздары
Қол ұстаса билейді шырқауларда,
Бақытымның шырқалып жұлдызды әні!
Есіме алып мен бүгін қалтырадым,
Таба алмастан Жер-көктен жан тұрағын,
Қайдан ғана білейін, сорлы басым,
Екеумізді сол түннің анты ұрарын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу