Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  97


Автор: Бекен Әбдіразақов

Есің барда елің тауып...

Есің барда елің тауып,
Етегіңді жапқаның –
Төнген шақта өлім-қауіп
Қорғаныңды тапқаның.
Ылаң тірлік қақпайында
Мен жұртымнан шеттедім.
Туысқанның шат тойында
Шалқып шылым шекпедім.
Көлденең бір көк аттылар
Көсілгенде төрімде,
Бауырларым көп-ақ шығар
Ұмыт қалған көңілде.
Елін тапса, ерте, кеш пе,
Ер жігітке несі мін?
Ақын шіркін ерке емес пе,
Қашанда оған кешірім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу