Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  82


Автор: Бекен Әбдіразақов

Тұтамдай ғана ғұмыр-ау!

Тұтамдай ғана ғұмыр-ау!
Тірелсе егер құзына,
Ар жағы түпсіз шыңырау,
Бұйырмас дәмі, тұзы да!
Бірақ та соны ойлайтын
Пендені бүгін көрмедім.
Бір обыр өңкей тоймайтын,
Жанталас жайған өрмегін.
Шыбын мен шіркей ілінсе,
Талғаусыз жұтып жатады.
Тойғанмен, бейбақ, бүгінше,
Түбінде құдай атады.
Қайтейін, сабаз сезбейді,
Бұлтиып ұрты, майланып,
Ақ жүрек досын сөздейді,
Аяғын созып жайланып.
Тұтамдай ғана ғұмыр-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу