Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  91


Автор: Нұрым Ғұмар

Соңғысы))...



Қылсақта біз екеуміз, бәрін астан,

Бұндай жайт өтеді көп тағы бастан.

Байланыс тоқтап тұр ғой деседағы,

Сен жайлы жазылады әлі дастан.



Бір бақыт жазылмаса басымызға,

Қарайма тағдыр аққан жасымызға.

Торыққан да, айлы түн жансерігім,

Ал сенің кім бар екен, қасыңыз да?.



Бұдан артық мұң бар ма, сірә, қандай?,

Сезінем алып шыңнан құлағандай.

Махаббаттың пірі ол, тірі ме еді,

Естіледі бір дауыс жылағандай.



Жанарыңнан бір тамшы тамады ма?,

Әлде жүрек жетті ме қалауына.

Көрместей боп кеттің ғой күні кеше,

Балта шауып шаттықтың сабағына.



Жанмын ба кетігі көп, мен не қараң?,

Көр де тұр, тым ілгері елден шабам.

Сен кетті деп мұң ішіп мәңгілікке,

Байланып тұрғам да жоқ менде саған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу