Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  70


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Алыстайды аралдардай жүзбелі...

Алыстайды аралдардай жүзбелі,
Өмірімнің көктем, жазы, күздері.
Мынау көздің құйрығында көп сызық,
Жас күндегі сайқылықтың іздері.
Егіліп бір жұмыртқадай жүрегі,
Кемсең қағып ителгідей иегі.
Туған жерде қалды орамал бұлғаумен,
Ең алғашқы махаббатым киелі.
Сен күлгенде тартатын-ды оң қабақ,
Нілдей қара көздерің-ай монданақ.
Зекетім-ай, жүр екенсің қай жерде,
Миығыңнан мейірімің сорғалап.
Сартап сезім сіңер түбі сүйекке,
Естігенде кеткенімді түнекке.
Құм былауға сүңгіп кеткен құлықтай,
Сендік жүрек сəл ғана бір дір етсе...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу