Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  100


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Оралсам ғой сол бір жиырма жасыма...

Оралсам ғой сол бір жиырма жасыма,
Қарамастан жиын-тойға, асына,
Барлық жиған-тергенімді көтеріп,
Тартар едім жайлаудағы қосыма.
Əттең, бəрі басымызға кеш енді,
Ей, Алматы, кезбей босқа көшеңді
Бір-ақ күндік көбелектей асығып,
Уақыттардан қайтарар ем есемді.
Бұл дүние көңілдерін талайдың,
Еліктірер базарындай Алайдың.
Тұлпар – күндер арбасында даңғырлап,
Бос бөшкедей ойсыз жүрдік талай күн.
Енді міне, отырғаным майрылып,
Күндіз – күлкі, түнде ұйқыдан айрылып.
Қаза болған намазына түбінде,
Молдалардай бір соғатын қайрылып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу