Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  117


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Ана-бала

Неліктен, ана жүрегі сезінеді әрқашан,
Қайда жүрсін, не өтсе де баласының басынан?
Себебі, оның – жүректерінің жиілігі бірдей соққан,
Әу баста, ананың құрсағында қалыптасқан!
Өтсе де уақыт, жетсе де бала талай жасқа,
Жалғасады байланыс сезімге бұл негізделген.
Өмірде олар болар ерекше қарым-қатынаста,
Тіршіліктегі тұрақты жүйемен, ана-бала деген.
Қайтқанда өмірден ана, жалғызсырайды бала,
Көпшіліктің арасында қалып жеке-дара,
Қалғандай болып, оған бос бар айнала...
Бұл жалғанда балаға, ешкім жетпес анаға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу