Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  147


Автор: Бақыт Беделханұлы

Досбосынов Оразалы Жарылқасынұлына

Кіре ме деп жүргенде енді есіміз,
Дөңгелемей қойды ғой өрге ісіміз.
Екеуміз қара өлеңнің құрбандығы,
Кешегі Мұқаңдардың жерлесіміз
...Ақиқатты аңсаумен өткендердің,
Жұртында жылап қалған пендесіміз.
Əй, кіре ме, кірмей ме енді есіміз?
Кірмесін де білмеймін кірерін де,
Бұртиып нем бар менің бұл өмірге.
Əйтеуір, жасырынып тұрады ылғи
Қарашаның салқыны гүл өңінде.
...Ажары – əлем-жəлем реңінде,
Азабы – жұдырықтай жүрегімде,
Өкпелеп нем бар менің бұл өмірге!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу