Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  128


Автор: Бақыт Беделханұлы

Алматым – ару қалам-ау...

Алматым – ару қалам-ау,
Жаныма дəру бола ма-ау, бұл көркің?
Аңқылдап кетсең, аспаннан түспей тұр
бөркің...
Қиялымдағы періште қалпың ұрланып,
Іргең сөгілсе, төріңді жайлап жын да
еркін.
...Арман боп алдап, ажалы тұрса
алдында,
Жасыра алады ей, кім дертін?!.
Алатау – абыз-данам-ау,
Осылай жалғыз қалам-ау, күрсініп,
Көшелеріңнен көңіліме қара ніл сіңіп.
Пəруəнə түгіл пəруəрдігерің мұндағы
Жанына, жəне..,
нанына еткен құлшылық.
Бақытын тілеп, шамдары сөнбес
шаһардың
Заһар-уынан жұтамын сосын тұншығып.
Нəн шаһар – тымырсық əлі,
Түнімен ыңырсығаны тынышыңды ап,
Дөңбекшіп бірге жатасың уайым, мұң
шырмап.
Зəулім үйлердің сай-сүйектерін
сыздатып,
Таң бозарғанша ұлып шығады у-шу бақ.
Самайыңа кеп сайтанның үні қадалап,
Санаңа сіңіп кетеді сосын шым-шымдап.
...Зарлайсың ғұмыр-əніңді,
Сүйретіп сірі жаныңды өлмейтін.
Сұлу қаланың суретіндей боп сол
кейпің?
Таусылған шақта тау жаққа қарап
қоясың,
Медеу ғып жанға жалғыз үмітті
сөнбейтін.
Ауылын аңсап мөлт етсе мұңлы
жанарлар
Менің де жаным мейірге сол бір
шөлдейтін.
Шаһарға бір тыныстаған,
Ұлтымның рухын ұстаған əкемнің
əңгімесінің ащылығынан екі өлдім.
Өркен-ниеттің өп-өткір иісі мүңкіген
Алды-артын сезбес не деген
қауып-қатермін;
Соқыр көздерім жынды көбелек боп
ұшса,
Көшелерінде Жұмағали мен Сəкеннің...
Алматым – ару қалам-ау,
Шындыққа тағы зəру болам-ау
...шақта – бұл,
Сенің жаның боп нұрланып əр кез
жатты ауыл.
...Ауырған шақта жаныңды ұғар деймісің
Ішіңе кіріп, жақын боп кеткен
жат бауыр...
Ауылың барда сен ауырмашы, Алматы,
Жат болып кеткен жақының ем ғой,
Һаққа құл.?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу