Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  129


Автор: Бақыт Беделханұлы

Сен барда

Жанарың сыр айтады.
Жандырып жүрегімді.
Сен барда кім айтады,
Жалған деп мына өмірді..
Жалған деп кім айтса да,
Махаббат нұры арайлы.
Мейлі өмір мұңайтса да,
Періште жыламайды.
Аяулы арман құсым,
Көзінде жұлдыз жанған
Көгіме самғармысың
Шырқатып шың, құздардан.
Сен барда тұратындай,
Жайқалып бəрі орнында.
Күн болып шығатындай,
Арманым таң алдында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу