Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  78


Автор: Ерлан Рымбек

Сағындым мені өртеніп

Сағыныштан өртенді күйіп денем,
Күйіп денем, бойымда күйікті өлең.
Сен басқаның құшағында жатсаң да,
Мен басқаның құшағында сүйіп келем.
Махаббаттың шыңдарын биік көрем,
Әлде сен жеткізбейтін киік пе едің?
Мен өзіңе табынып жырларыммен,
Мен алдыңа сезімді үйіп-төгем.
Тағдыр желі соғып бізді ажыратып,
Ажыратты талай жанды, зар жылатты.
Кеудемдегі жалындаған сезіміме
Қаяу салып, жанымды қалжыратты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу