Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  101


Автор: Қалмаханбет Мұқаметқали

Мөп-мөлдiр көздiң жасындай кермек дәмдi, ащы...

Мөп-мөлдiр көздiң жасындай кермек дәмдi, ащы,
Мазамды алған махаббат шығар алғашқы.
Жылатып алып жұбата алмай жүрсем де,
Жүрекпен жалғыз жүз қызды көрдiм мен жақсы.
Қайран сол қыздар алтыннан артық бағалы,
Қайда жүр екен жәудiреп бота жанары.
Жаңғыртып бәрiн еске алмас едiм, қайтейiн,
Жылдармен бiрге жастығым өтiп барады.
Ерте ме, кеш пе бiр үкiм болар кесiмдi,
Елестi қуып ендi-ендi жидым есiмдi.
Өмiрдiң заңы осылай қатал болғасын,
Өзiмнен өзiм ала алмай жүрмiн өшiмдi...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу