Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  78


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Күдік дұғасы

Күдік кеп оқиды дұғасын,
Қызғаныш шоқиды бір асын.
Басыңда мың сан ой, сенделіп
Сең соғып сен-дағы тұрасың...
Қиялың күмәнді берсе үйіп,
Қаласың, қадалып мелшиіп.
Алысып сен азсаң, шүбәсіз
Келемін өзіңді мен сүйіп...
Жүрегің жайласа бұл күдік,
Жүрер хақ жүзімде мұң күліп.
Ендігі, біртүрлі сюжеттер
Құдай-ау, түсіңе жүр кіріп.
Тағдырым салса да теріске
Бармаймын, біліп қой, кем іске.
Сезім ол сендегі – шынайы
Сезім ол мендегі – періште.
Күдікпен қалмайық жауланып,
Қайтесің көзіңді аударып?
Бекерге бұлдана бергенше
Жүрейік бүгінге тәуба ғып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу