Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  107


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қайыру бермей қалың күн...

Қайыру бермей қалың күн,
Қара бiр терге малындым.
Қара Ертiс болып жүгiрдiм,
Қабаққа шықпай салындым.
Қайыру бермей қалың ай,
Ұстатпай кеттi жалын-ай.
Арамза қулық мiнездi
Қашаған мезгiл зəлiм-ай…
«Қайыру бермес қалың жыл.
Қалқиған қара ұл, əлiң бiл.
Уақыт – осы. Уақып бол!»
Атадан қалған тəлiм бұл.
Қайыру бермей қалың күн,
«Қайта гөр, – дедiм, – жалындым.
Жалғанның жүзi жылынбай,
Үш мүшел тұста шалындым.
Мүшелге мүшел қосқанда,
Мүйiзiн мезгiл тосқанда,
Қайыру бермей қалың күн,
Айналып кеттi дұшпанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу