Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  85


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жасыны ойнап, дүр еткен көктi,

Жасыны ойнап, дүр еткен көктi,
Жасынан жаны дiр еткен көптi,
Жадына ұстап Жұмекен кеттi,
Кемтiгiн кешiп Кеңшiлiк кеттi.
Жасыны ойнап, дүр еткен көктi,
Жасыннан жаны дiр еткен көптi,
Зарыға сүйген Зейнолла кеттi,
Жақтасын салмай Жұматай кеттi.
Сөзiмнiң намы намазым бiреу.
Қазақтан қалмас сабазын iреу.
Есiмдi жидым – еншiме тидi.
Хаты қалғанның қағазын илеу…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу