Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  69


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жошыған көңiл шошыды...

Жошыған көңiл шошыды,
Жығылып жатыр қосыны.
Тас-талқан еттi сенiмiн
Тағдырдың салған тосыны.
Тасыған көңiл жосыды,
Аңыртып кеттi асылы.
Айғайы жетпес аспанның,
Өзi боп қалды мысалы.
Тоғайған көңiл ортайды,
Күнiнен бұрын қартайды.
Көлiнен қашқан көк үйрек
Жалтара ұшты жарты Айды.
Масайған көңiл айықты,
Iздедi мiнер қайықты.
өтiптi күндер өтiптi…
өте алмаған өзi айыпты.
…Жыртылғаннан жел үрдi,
Қанатты тылсым елiрдi.
Қайрылмай кетiп барады,
Кiмдердiң жерi кеңiр-дi?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу