Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  107


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қолымның өнерi ме....

Қолымның өнерi ме,
Жүректiң сенерi ме,
Жанымның жылап аққан сызашығы –
өкпелей көрме, қалқам, өлеңiме.
өлеңiм өртi бəсең, мұңы басым,
Қалқажан, оған неге құнығасың?
Айбарым азулыға көштi бiлем,
Жан дүнием жалғызсырап ұлығасын…
Жан дүние бəрiмiзде жалқы ғана,
Жалқыны жылатпайтын халқы ғана.
Бұлттарға ерiп бара жатамын да,
Жалғызсырап қараймын артыма да.
өкпелей көрме, жаным, өлеңiме,
Татымас тал бойыңның төлемiне.
Жарқ еткен найзағайдың жарығымен
Көз жетер бiр үмiттiң сөнерiне…
өлеңiң – өлең екен, өмiр – бөлек,
Оны да сүретұғын көңiл керек.
Жанымның жылап аққан сызашығы
Мен жайлы бере алар ма небiр дерек?
Өлеңiң – өлең екен…
Сау бол, жаным,
Қажет пе саған асқар тау болғаным?
Мұқағали – Муза жүр маңайымда,
Жаратпай жалғыздықтың жау болғанын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу